Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да жасөспірім оқ жарақатын алды

Батыс Қазақстан облысында 4 қазан күні кәмелетке толмаған бала құрдасына абайсызда мылтықтан оқ атып жіберген. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 4 қазан күні сағат 21.00-де Хан Ордасы ауылында 2007 жылы туған, кәмелетке толмаған бала үйдің ауласындағы гаражда абайсызда 12 калибрлі ATA ARMS маркалы мылтықтан құрдасына оқ атып жіберген. Мылтық баланың 28 жастағы ағасына тиесілі болған. Ішінен оқ жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

"Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал атыс қаруының иесіне қатысты ӘҚБтК 484-бабы 1-бөлігі (Азаматтық және қызметтік қару айналымы ережелерін бұзу) бойынша хаттама жасалды", – деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
 
Еске салайық, бұған дейін өңірдің денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімді іштің алдыңғы қабырғасынан оқ жарақатымен медициналық мекемеге жеткізгенін айтқан болатын.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді