Ақмола полицейлері Целиноград ауданында мектеп оқушысына шабуыл жасаған алабай тұқымдас қаңғыбас ит ауланды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Оқиға 14 қазан күні болған. Ит әйелдің үйінің ауласына кіріп кеткен. Әйелдің айтуынша, баласы мектептен қайтып келе жатқан кезде ит оған шабуыл жасаған. Ұлының айқайын естіген тұрғын дереу көмекке жүгіріп, полицейлерді шақырып, Целиноград учаскелік инспекторынан көмек сұраған. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары Нұрболат Мұқамедия мен Замирбек Сейтанов алабайды залалсыздандыру үшін түрлі әдістер мен қауіпсіз құралдарды қолдануға тырысты.
Екі сағат бойы агрессивті ит полиция қызметкерлерін өзіне жақындатпай, шабуылдаған. Қару-жарақ пен арнайы құралдарды қолданбаған тәртіп сақшылары жануарды залалсыздандырып, иттерге арналған орындардың біріне орналастырды.
17-10-2022, 15:20
Ақмола облысында мектеп оқушысына алабай шабуыл жасады
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз