Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев ресейліктердің Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан ресейліктердің елге кіруіне тосқауыл қоя ма? Журналистердің бұл сауалына сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палата кулуарында жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Мәулен Әшімбаевтің сөзінше, Қазақстан ресейліктердің елге келуіне шектеу қоюды жоспарлап отырған жоқ. "Аздаған ресейліктер елге келіп тұруға ықтиярхатқа өтініш бере алады. Егер ресейліктер бізге келіп, осында біраз уақыт қалғысы келсе, кейін жеке шаруасымен қайтып кетер болса, мұнда ешқандай сұрақ туындамауы керек: біз шектей алмаймыз", — дейді ол. Спикер сондай-ақ тұруға ықтиярхат беру мәселесі де заңмен реттелетінін атап өтті.

"Тұрғылықты тұруға ықтиярхатқа келетін болсақ, бұл жерде мынаны айтқым келеді. Бұл мәселені реттейтін тиісті заңдар бар. Егер қандай да бір азамат Қазақстанның мемлекеттік органдарына келіп, тұруға ықтиярхат сұраса, яғни олар әзірлеуі тиіс құжаттар тізбесі бар. Бұл құжаттардың ішінде "азаматтың өзі келе жатқан мемлекет тарапынан берілетін рұқсат қағазы болуы керек" деген тармақ бар.

Біздің заңдарымызда мұндай тармақ анық көрсетілген. Егер мемлекет азаматқа кетуге рұқсат бермей, бірақ ол кетіп қалса, Қазақстан оған тұруға ықтиярхат бере алмайды. Келісім бұл – елден шығуға рұқсат берліген парақша, онда қол мен тиісті мөр болуы керек", — дейді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, ал саяси баспана беру, босқын деп тану, босқын мәртебесін беру ол басқа мәселе. "Бұл халықаралық келісіммен, БҰҰ құжаттарымен реттеледі. Бұл мүлде басқа әңгіме. Бұл туралы қазір әңгіме болып отырған жоқ", — деп түйіндеді ол. Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, елде ішінара мобилизация жариялады. Кейбір ресейліктер бұған наразылық танытып, кейбірі елден кетуге тырысуда. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты