Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды "БОРТ1" Telegram-арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы 19 қыркүйекте JPMorgan Chase&Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен кездеседі.

20 қыркүйекте президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты