Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында жол апатынан бір отбасының 5 мүшесі қайтыс болды

Кеше түнде Қарағанды облысындағы тас жолда жол-көлік оқиғасынан бір отбасының мүшелері қаза тапты. Бір бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасы. 

Ведомство порталының хабарлауынша, 26 тамыз күні сағат шамамен 23.30-да "Балқаш-Приозерск" тас жолының Гүлшат ауылына 23 шақырым жерде "Опель Вектра" көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жабық жолда (ескерту жол белгілері бар) 25 жастағы азаматтың басқаруындағы "Хово" көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Опель Вектра " көлігінің жүргізушісі, оның 35 жастағы жолаушысы (жұбайы), олардың кәмелетке толмаған үш баласы оқиға орнында қайтыс болды, бір бала медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, аталған факті полицияда тіркелген. Тиісті сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жол апатынан әйел қайтыс болып, үш баласы дене жарақатын алғаны туралы хабарлаған едік. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады