Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде жол апатынан жолаушы көз жұмды

Ақтөбедеде жол-көлік апаты кезінде төрт адам ауруханаға түсіп, жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Оқиға Шұбарқұдық ауылы мен Қандыағаш қаласы арасында болды. ВАЗ-2114 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі ауылдан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Сол кезде «Nissan Teana» автокөлігімен соқтығысқан.


«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы Темір орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Кейін «Nissan Teana» автокөлігінің жолаушысы қайтыс болғаны анықталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтің мәліметіне сүйенсек, барлығы бес адамға көмек көрсетілгенімен, оқиға орнында 48 жастағы әйел көз жұмған. Сонымен бірге көлік ішінде болған адамдардың көбі бас-ми жарақатын алып, ауруханада ем қабылдап жатыр.


Еске салсақ, Ақтөбеде соңғы уақытта жол-көлік апаты жиілеп кетті. Кеше қалада әжесі мен немересін көлік қағып кетіп, қария оқиға орнында көз жұмды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты