Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев ЕуроАзиялық ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған Kazlenta.kz
10 тамызда ЕуроАзиялық ынтымақтастың Қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен жалпы отырысының шешімімен Бақытжан Сағынтаев Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұд Еуразияның 26 елінің қаржы-банк мекемелерін, кәсіпкерлердің іскерлік одақтарын, коммерциялық ұйымдар мен банктерді, сонымен бірге қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктерді біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым. Бақытжан Әбдірұлы 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Үшарал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1988 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық жұмыстарда болды. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.1999 жылдан - ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары.2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы.2001 жылдан ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.2004 жылдан - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.2007 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 2008 жылдан - Павлодар облысының әкімі.2012 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.2012-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2013-2016); ҚР Премьер-Министрі (2016-2019); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (2019-24.03.2019); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы (03.2019-06.2019).2019-2022 жылдары Алматы қаласының әкімі.Айта кетейік, осы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.
12-08-2022, 10:36
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз