Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерлан Баттақов ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерлан Баттақов 1969 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын және Мемлекеттік статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің РСБЖИ бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтының құрылыс материалдары және бұйымдары технологиясы кафедрасының зерттеуші тағылымгері ретінде бастады.

1995-1996 жж. – «Алатау Инвест» ҚФИ бас маманы, бас директордың инвестициялар жөніндегі орынбасары.

1996 ж. – Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасының маманы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы.

1996-2007 жж. – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржы директоры.

2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің қаржы-талдау секторының меңгерушісі, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі.

2012-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары.

2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті