Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бөтелкелестерін өлтірген ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыда бөтелкелестерін өлтірген ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасында хабарлағандай, осы жылдың жазында аса ауыр қылмыс орын алды. Ішімдік ішу кезінде ер адамдардың арасында жанжал туындап, 43 жастағы Е.есімді азамат К. және Б.есімді бөтелкелестеріне пышақ жарақатын салған.

– Өкінішке орай, жараланғандардың екеуі де есін жимастан ауруханада көз жұмды. Күдікті “ізін суытпай” қамауға алынды. Тергеу оның әрекетін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен саралады. Е.есімді азамат сол күні-ақ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, отырыс жеке үйдің ауласында өткен. Сол жерде ер адамдар уақыт өткізген. Бір кезде екеуі дауласа бастады. Е.есімді азамат пышақты алып, алдымен К.есімді азаматты, сосын оларды ажыратпақ болған Б.есімді азаматты ұрды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 43 жастағы Е.есімді ер адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады