Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірлерінде ЖЖМ-ға шекті бағаны арттыру фактілері анықталды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 180 күн мерзімде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілегені белгілі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

-АИ- 80 маркалы бензин литр үшін 89 теңге;

-АИ – 92 маркалы бензин-литр үшін 182 теңге;

-АИ – 93 маркалы бензин-литр үшін 182 теңге;

-АИ – 95 маркалы бензин-литрүшін 215 теңге;

- дизель отыны (жазғы, маусымаралық):

- Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында-литр үшін 260 теңге;

- Нұр - Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – литр үшін 230 теңге.

Бұл ретте, өткізушілер мұнай өнімдеріне шекті бағаларды бөлшек саудада  өткізуді асырып жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген және осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік хаттама жасауға құзыретті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары болып табылады.

Еліміздің жекелеген өңірлерінде ЖЖМ өткізушілерге қатысты мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын асырғаны үшін шаралар қабылданды.

Мысалы, Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілерге қатысты ЖЖМ шекті бағаны арттыру бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 хаттама жасалды.

Сонымен қатар, Павлодар облысында мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеме мен бөлшек саудада өткізушілердің арасында 250 теңге бағасы бойынша АИ-92 маркалы бензинді жеткізуге шарт жасалғанын атап өту қажет.

Алайда, мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеуді ескере отырып, тараптармен бағаны 250 теңгеден 182 теңгеге азайту бөлігінде шартқа қосымша келісім жасады, бұл бөлшек сауда өткізушілерге қатысты шаралар қабылдау қажеттілігін жоққа шығарады.

Тараптар арасында қосымша келісім жасасу бойынша Түркістан облысында да осындай жағдай қалыптасты.

Құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) жүз пайызы мөлшерінде аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып немесе одан айыра отырып айыппұл қарастырылған.

Осыған байланысты, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауы және мұнай өнімдерін белгіленген шектерден жоғары сатуға жол бермеуі тиіс.

Тұтынушылар өз кезегінде, ЖЖМ-ға бағаның арту фактілері анықталған жағдайда, субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Энергетика министрлігіне және ТМРК аумақтық департаменттеріне өтініш білдіруге мүмкіндігі бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді