Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Б. Сағынтаев журналистерге еліміз үшін қиын уақыттағы жұмысы үшін алғыс айтты

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында террористердің шабуылына ұшыраған БАҚ редакцияларына барды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Алматы» ТК ұжымымен кездесуде Б. Сағынтаев қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жүргізуші Мұратхан Базарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Оның отбасына материалдық көмек көрсетіліп, 3 бөлмелі пәтер беріледі.

Әкім қолынан жарақат алған телеоператор Диаскен Байтибаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп, жолдастарын эвакуациялауға көмектескен телеоператор Арсен Сандыбаевқа алғысын білдірді. Оларға материалдық қолдау, сондай-ақ одан әрі оңалтуға көмек көрсетілетін болады.

Б. Сағынтаев сондай-ақ «Алматы» ТК барлық қызметкерлеріне тәртіпсіздік кезінде азаматтарды хабардар ету бойынша батылдық пен кәсіби міндеттерді орындағаны үшін алғыс айтты.

Қала әкімі бандалық топтардың қолынан зардап шеккен «Қазақстан», «Хабар», «Мир», «Первый канал Евразия» телеарналары орналасқан ғимараттарды аралап көрді. Техникалық тексеруден кейін қысқа мерзімде қалпына келтіру басталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді