Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қала күні Алматының екі миллионыншы тұрғынының көпбалалы отбасы пәтер алды

Мегаполистің екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың отбасы қоныс тойын тойлайды. Қала күні оларға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа пәтердің кілтін тапсырды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Еске салсақ, Аяла Жамбыл 2021 жылы 21 маусымда дүниеге келді және Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша екі миллионыншы тұрғын болды. Мереке күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Аяланың ата-анасына үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Қала әкімі балалар мен ата-аналарға зор денсаулық, отбасына бақыт пен береке тіледі.

Қала күні алты бала өсіп келе жатқан Жамбыл отбасы үшін қуанышты күнге айналды. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында көпбалалы отбасының жеке баспана туралы арманы орындалды. Енді олар жайлы жаңа үйде тұратын болады.

Екі миллионыншы алматылық Аяла Жамбыл полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жаныбекованың отбасында дүниеге келді. Ол отбасындағы алтыншы қыз. Бұған дейін көпбалалы отбасы Қарғалы шағынауданында ата-анасының үйінде тұрған.

«Ана ретінде балаларымның туған күндері ең бақытты сәт болса, ал бүгін пәтер кілтін алу ешқашан ұмытылмайтын ең бақытты күн. Біз қаладан мұндай сыйлық аламыз деп күтпеген едік», — деді Әлия Жаныбекова эмоцияларымен бөлісті.

Алматыда жыл басынан бері көмекке мұқтаж 2340 отбасы жеңілдетілген несие аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады