Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мырзағалиев ҚР Президентінің көмекшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, кездесу барысында Министрліктің қызметі және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі негізгі міндеттер таныстырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Атап айтқанда, жаңа Экологиялық кодекс, «жасыл» экономиканы дамыту, Париж келісімі шеңберінде 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға төмендету бойынша Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелер мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2050 жылға дейін төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі қызмет те атап өтілді.


Сонымен қатар, министрлік Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша жоспарларды таныстырды. Министрліктің орман қорына 5 жыл ішінде 2 млрд.ағаш отырғызу, экологиялық туризмді дамыту, сондай-ақ туристік инфрақұрылым жобаларын іске асыру үшін жеке инвестициялар тарту жөніндегі жоспарлары талқыланды.


Сондай-ақ, кездесу аясында геология және су ресурстары мәселелері бойынша қызметтің негізгі бағыттары таныстырылды. Геологиялық барлаудың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және минералдық-шикізат базасын толықтыру, суармалы жерлер алаңын 3 млн.га дейін ұлғайту, суару желісін цифрландыу және 2030 жылға дейін жаңа су қоймаларын салу үшін ҚР аумағының геологиялық зерттелуін арттыру бойынша жұмыстар атап өтілді. Сонымен қатар, Арал теңізінің солтүстік бөлігін дамыту және қалпына келтіру бойынша жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар, Мағзұм Мырзағалиев балық саласын дамытудың, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау, осы салаға инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың және 2030 жылға дейін Министрліктің балық өсіру көлемін 7-ден 270 мың тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жоспарлардың маңыздылығын атап өтті.


Кездесу қорытындысы бойынша Сума Чакрабарти мырза қойылған мақсаттарды іске асырудағы оң динамиканы атап өтті және Мемлекет басшысының экология және биоалуантүрлілікті қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда