Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Стати ісі бойынша Нидерланды Жоғарғы сотында жеңіске жетті

2021 жылғы 24 желтоқсанда Нидерланды Жоғарғы соты Амстердам Апелляциялық сотының Нидерландыдағы төрелік шешімді тану туралы 2020 жылғы шешімін жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Нидерланды Жоғарғы соты Статидің істі қарау үшін тиісті сотқа жүгінбегенін анықтап, істі Амстердам округтік сотына берді. Бұл шешім төрелік шешімді тануды жою туралы Бельгия сотының шешімінен кейін көп ұзамай қабылданды. Бельгиялық сот Стати төрелік трибуналды ғана емес, төрелік шешімді тануды қарастыратын соттарды да алдады деген қорытындыға келді.

Жаңа сот талқылауында Қазақстан Нидерландыда алғаш рет Статидің алаяқтығы туралы барлық материалдарды ұсына алады. Статидің алаяқтық дәлелдемелері бірте-бірте белгілі болғандықтан Қазақстан Статиге Нидерланды сотына барлық дәлелдемелерді ұсынуды бірнеше рет талап етті. Бұл сотқа тиісті бағалау жүргізу мүмкіндігін берер еді. Алайда, Стати бұл талапты үнемі орындамай, соттан тиісті дәлелдерді әдейі жасырып келді. Жаңа талқылауда Қазақстан сотқа Статидің істі қарау кезінде өзінің алаяқтық әрекеттерін жасыру үшін Амстердам Апелляциялық сотын қалай алдағанын ашады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 16 қарашасында Брюссельдің апелляциялық соты Стати арбитражға дейін, оның барысында және одан кейін алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға  келді. Атап айтқанда, Бельгия соты Статидің Қазақстанға инвестициялары теріс пиғылмен жүзеге асырылды деп қаулы етті. Сонымен бірге, сот бұндай инвестицияларға негізделген төрелік шешім алаяқтық жолмен алынды деген қорытындыға келді. Соттың пікірінше, төрелік трибунал шешімі төрелік талқылау болған жерде жойылған жоқ, өйткені Стати швед соттарын алдады. Сондай-ақ, сот талқылауы барысында Статидің мінез-құлық үлгісі дәлелдемелерді жүйелі түрде жасыруды және жаңылыстыратын жалған мәлімдемелер беруді қамтитыны расталды. Бельгиядағы сот шешімінің нәтижесінде Ұлттық Банктің 530 миллион АҚШ долларынан астам сомаға тең активтеріне заңсыз салынған тыйым алынып тасталды. Қазіргі уақытта Қазақстан Статиге қарсы шығындарды өтеу туралы талап арыз беріп, Статидің алаяқтық әрекеттері, соның ішінде төрелікке жұмсалған шығындар үшін өтемақы талап етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылғы 2 желтоқсанда Люксембургтің Апелляциялық соты Статиге қарсы Люксембургтің құқық қорғау органдары бастаған қылмыстық тергеу аяқталғанға дейін төрелік шешімді тану және орындау туралы іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім шығарды.

Нидерландыда бұған дейін де Статидің алаяқтық әрекеттері байқалып, әшкереленген. 2018 жылғы қаңтардағы шешімде Амстердам аудандық сотының төрағасы Стати сот алдында шындықты айту міндетін бұзды деген шешім шығарды. Кейіннен, сол шешімде сот Қазақстан Ұлттық Банкінің 22 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тең активтеріне заңсыз салынған тыйымды алып тастады.

Нидерландыдағы шешімге қатысты ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев былай деді:

«Біз Статидің Бельгияда алаяқтық жасағанын дәлелдедік, ал Люксембург құқық қорғау органдары Статидің әрекеттеріне қатысты қылмыстық тергеуді бастады. Қазіргі уақытта Нидерландыда Жоғарғы Сот Статидің алаяқтық дәлелдерін басқа соттың қарастыруы маңызды деп санайды. Біз голландиялық сотқа Бельгияда дәлелдегенімізді, яғни Стати арбитражға дейін, оның барысында және одан кейін алаяқтық жасады, нәтижесінде арбитраждық шешімді тану немесе орындау мүмкін емес екендігін дәлелдеуге дайынбыз».

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді