Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда дрондар мен ақылды камералардың көмегімен рұқсат етілмеген қоқыстармен күресуде

2021 жылдың қазан айынан бастап елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Qmobot" ЖШС мамандары жасаған мобильді роботтарды қолдана отырып, құрылыс және қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) рұқсат етілмеген қоқыстарын және өзге де экологиялық құқық бұзушылықтарды мониторингтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Технология екі "ақылды" бейне жазғыштан тұрады, олар полигон мен іргелес жүріс бөлігінде кез-келген қозғалысты тіркейді.

Егер тәртіп бұзушы, мысалы, жүк көлігі табылса, жүйе мемлекеттік нөмірді, уақытты және орналасқан жерді белгілейді. Роботтың аналитикалық модулі құқық бұзушылық туралы фотосуреттермен және мәліметтермен есеп жасайды. Қазіргі уақытта 10 мобильді робот пен 2 дрон қолданылды.

Сондай-ақ, экологиялық құқық бұзушылықтарды, жаңа полигондардың санитарлық жағдайын және олардан табылған тәртіп бұзушыларды дронның және өзге де бейне-фототехниканың көмегімен тіркеу бойынша белсенді жұмысты мобильді топтар жүзеге асырады.

Жұмыс барысында бұрын белгісіз болған ҚТҚ қоймалау орындары, қар полигондарының аумағынан тыс қарды рұқсатсыз төгу және қалалық нөсер коммуникацияларына тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық суларды ағызу учаскелері анықталды.

Осы жылдың қазан-қараша айларында жоба шеңберінде 58 құқық бұзушылық тіркелді, рұқсат етілмеген жерлерде ҚТҚ шығарудың 13 жағдайының алдын алды, барлық материалдар кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Жасалған құқық бұзушылықтарды талдау нәтижелері бойынша ең көп саны "Есіл" ауданына тиесілі - 30 факт. Негізінен бұл рұқсатсыз үйінділерде ҚТҚ мен қарды түсіру жағдайлары.

Жіберілген материалдарға сәйкес жауапкершілікке тартылған тұлғалардың айыппұлдарының жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеден асты.

Мониторинг жүйесінің өзегі ахуалдық орталық болып табылады. Орталық бақылау топтарының, алаңдағы роботтардың жұмысын және олардың өзара әрекеттесуін бақылау үшін сервермен және жұмыс машиналарымен жабдықталған. Роботтар бейнені орталықтың серверіне жібереді, онда нейрондық желі оны талдайды және көлік анықталған кезде есеп беру үшін деректерді сақтайды. Ахуалдық орталықтың операторы мобильдік топтар мен роботтардан бұзушылықтардың фото-бейнематериалдарын алып, кейіннен есептер дайындайды. Орталықтың серверінде құқық бұзушылық туралы деректермен одан әрі пайдалану үшін роботтар мен дрондардан алынған бейнелер сақталады.

Бұдан басқа, бұзушының ТҚҚ тиеу нүктесінен түсіру орнына дейінгі нақты қозғалыс бағытын жедел белгілеу үшін жоба мамандары "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығымен" белсенді түрде ынтымақтастық жасайды, оның құрамына IKomek бірыңғай байланыс орталығы, Сергек бейнебақылау жүйесі кіреді. Бірлескен жұмыстың нәтижесі экологиялық салада құқық бұзушылық жасау фактілерін уақтылы анықтау болып табылады, бұл алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Болашақта басқарма осы жобаны одан әрі іске асыруды жоспарлап отыр, бұл экологиялық бұзушылықтардың алдын алуға және елорда халқының жалпы эко-мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі