Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көмектесуге уәде берген нотариус Алтай ауданының тұрғынын пәтерсіз қалдырды

Көмектесуге уәде берген нотариус Алтай ауданы тұрғынын пәтерсіз қалдырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Алтай ауданы ПБ-ге 24 жастағы жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінді. Өз арызында ол 2020 жылғы 20 қарашада алдау жолымен Жаңа Бұқтырма кентіндегі пәтерін иемденген 51 жастағы нотариусты жауапқа тартуды сұраған. Осылайша 4,4 миллион теңге сомасына елеулі залал келтірді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті анықталды.

Белгілі болғандай, жәбірленуші нотариусқа жүгініп, өзіне тиесілі пәтердің құжаттарын тексеруді сұраған. Әңгіме барысында ол ақшадан қысылып жүргенін айтқан, кепіл шартын рәсімдеп, оған нотариус қаражатты мен берейін деп, ай сайын несие бойынша пайыздарды төлеп тұрасыз, қарызды қайтара алмайтын жағдайда пәтерді сатуға ұсыныс жасаған.

Біраз уақыттан кейін иесі пәтерінің құжаттарын тексеруге шешім қабылдаған, нәтижесінде оның иелігіндегі пәтері өзгенің атына тіркелгенін білген.

Нәтижесінде қаскөй сатып алу-сату шартын рәсімдегені анықталды.

Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы қабылданды.

– Аталған факті бойынша ҚР Қ-нің 190-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты