Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу тек 10 күнге созылса, биыл қатысушыларға 1 ай уақыт берілді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималды балл – 140.


«ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсуге ниет білдіргендер Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы тіркеле алады. Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады.  Тестілеу электрондық форматта "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидасы бойынша өтеді. Сондай-ақ прокторинг жүйесі қолданылады, бейнебақылау орнатылады. Тұлғаны цифрлық сәйкестендіру жүйесі – Face ID ҰБТ-ға қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Осының барлығы академиялық адалдық қағидаларының сақталуын бақылауды күшейтуге жағдай жасайды», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.


ҰБТ өткізу кезінде санитарлық талаптар сақталатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады