Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұшақта адам өмірін құтқарған ұландық офицер марапатталды

Адам өмірін құтқаруда көрсеткен жылдам әрі епті қимылы үшін Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен Ұлттық ұлан әуе кемесінің командирі Станислав Смурыгин “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” кеуде белгісімен марапатталды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Марапатты сардарға әуе эскадрильясы жеке құрамының алдында 3656 әскери бөлімінің командирі Павел Хребтов табыс етті. Рәсім “Қазақстан әуе индустриясы” ЖШС әуежайының аумағында өтті.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға 6 қазанда Киевтен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келе жатқан ұшақта орын алған болатын. Осы рейспен жолаушы ретінде ұшып келе жатқан Станислав Смурыгин әйелге жедел көмек көрсеткен. Сағат таңғы бестер шамасында ұшақ ішінде абыр-сабыр басталып кетті. Стюардесса жағдайы күрт нашарлаған жолаушылардың біріне көмек көрсетуді сұрайды. Сол кезде әскери қызметші дереу алғашқы көмек көрсетуге келеді. Қан қысымын өлшеп, оттегі баллонын кигізіп, жолаушыны Нұр-Сұлтан қаласына жеткенше жол бойы бақылайды. Ұшақ қонған сәтте дереу медицина қызметкерлерінің қолына тапсырады.

Барлық қиындықтар мен шектеулерге қарамастан, Ұлттық ұлан офицері ептілік танытып, білгірлігінің арқасында әйел адамға дереу көмек көрсетіп, мүмкін болған ауыр жағдайдан сақтап қалды.

– Майор Смурыгин – өз ісінің нағыз хас шебері. Сын сағатта сардар жіті қимылдап, барлығын нұсқаулықта жазылғандай нақты орындай білді. Осының арқасында азаматшаның денсаулығына көмек беріліп, жағдайының нашарлауына жол берілмеді. Бұл барша жеке құрамға үлгі болып табылады, – деді өз сөзінде Павел Хребтов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады