Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчокты қабылдады

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан-Словакия қатынастарының перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иван Корчоктың Қазақстанға сапарының маңыздылығына тоқталып, бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

– Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы тарихи датаға сәйкес келіп отыр. Екі айдан кейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Келесі жылы Словакия да осындай тарихи межеге жетеді. 2019 жылы біз Братиславада елшілік аштық. Бұл біздің көптеген бағыт бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға бейілді екенімізді көрсетеді, – деді  Мемлекет басшысы.

Президент министрге Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен осы елге көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек туралы айтты.

Иван Корчок Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіріп, келе жатқан Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады.

Министр Президенттің Қазақстанды жаңғырту ісіндегі көшбасшылық қабілетін, халықтың әл-ауқатын арттырудағы және мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудағы еңбегін Словакия басшылығы жоғары бағалайтынын жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия басшысы Зузана Чапутоваға сәлемін жолдап, оның келесі жылы Қазақстанға сапармен келетініне үміттенетінін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді