Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазан айынан бастап шығарылатын QazVac дельта штамына қарсы тұруға қауқарлы болады

Алдағы қазан айынан бастап отандық QazVac вакцинасы дельта штамына қарсы күресуге бейімделіп шығарыла бастайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«QazVac-тың дельта штамымен күрестегі қауқарына жүргізілген зерттеу нәтижесі отандық вакцинаның тиімді екенін көрсетті. Үкіметтің тапсырмасы бойынша Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) ухань коронавирусының штамын дельтаға бейімдеу және ауыстыру бойынша маңызды жұмыс жүргізді. Қазан айында бүкіл QazVac вакцинасы дельта штамымен шығарылады. Ал Eta штамы бойынша бүгінде аталған институт патологиялық материалдар алды және 2 апта ішінде штамм бойынша зерттеу жасау жоспарланып отыр. Содан кейін аталған штамға қатысты QazVac тиімділігін сынау жұмысы жүргізіледі», - деді Е. Тоғжанова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, елге келген коронавирус штамдарын зерттеп, онымен күресу мәселесі үнемі бақылауда. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет басшысының орынбасары Жамбылдағы вакцина шығару зауытының өндіріске толық дайын екенін жеткізді. Оның мәлімдеуінше, бүгінде зауытта монтаждау, жабдықтарды іске қосу және валидация шарасы да толығымен аяқталды Одан бөлек, Е. Тоғжанов елімізде той-томалақ өткізуге рұқсат берудің себебін түсіндіріп берді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді