Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан үш мың еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) барды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасай отырып kazlenta.kz.


Бүгінгі таңда ҒЗИ отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазаларын жүргізді. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін 96% деңгейінде көрсетті.


Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңінің басталуын мақұлдады. Бүгінде алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында, ҒЗИ-да отандық вакцинамен егілді. 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцинациялау аяқталады. III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылады.


«Отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады», — деді А. Мамин.



Премьер-Министр вакцина шығаратын биофармацевтика зауытының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Зауытты 2021 жылы наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өндірістің қуаты жылына 60 млн дозаны құрайды.



Үкімет басшысы иммунобиологиялық дәрілік препараттардың, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың отандық өндірісін қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту мен жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.



Премьер-Министр ҒЗИ ғылыми қызметкерлеріне арналған 180 пәтерлік үш үйдің құрылыс алаңына барды. 60 пәтерлік алғашқы тұрғын үй 2021 жылы қаңтар айында пайдалануға беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді