СҚО жедел уәкілдері РФ Волжск қаласынан туыстары іздеу салған із-түссіз жоғалғанды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер “Іздестіру” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеді. Екі күннің ішінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер бес қылмыскерді іздеп тапты.
– Өткізіліп жатқан акция шеңберінде іздеудегі із-түссіз жоғалған қылмыскерлерді анықтау бойынша жұмыс жандандырылды. Жұмыс ТМД елдерінен әріптестермен тығыз қарым-қатынаста жүреді. Мұндай ынтымақтастық жедел іс-шараларын өткізудің тиімділігіне септігін тигізеді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.
Ресей полицейлері алаяқтық жасағаны үшін іздеу салған 55 жастағы әйелді Петропавлдық жедел уәкілдер анықтады. Ивановск облысының полиция қызметкерлері 2016 жылдан бері іздеген. Петропавл қ. ПБ жедел уәкілдері іздеудегінің облыс орталығында жүрген жерін анықтады.
Қызылжар ауданының жедел уәкілдері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың арасынан Қарағанды 38 жастағы тұрғынын іздестірді. Ер адамды РФ Марий Эл Республикасы Волжска қаласынан туыстары іздеген. Қыркүйектің басында ол Ресейге қонаққа бармақ болған, алайда туыстарына жетпеген. Алаңдаған туыстары полицияға жүгінген. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер із-түссіз жоғалғанның жүрген анықтап, өз телефонын РФ туыстарына қоңырау соғу үшін берген. Жуыр маңда ер адам үйіне оралуға уәде берді.