Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері 6 тұрғынның ақшасын алдап алған күдікті әйелді ұстады

Жетісай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған жақын таныс емес азаматша «кәсіпкерлікті қолдау бөлімінен «мал шаруашылық» бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан беріліп жатқан ақшадан қаражат шығаруға көмектесемін деп» 560 мың теңгесін алдап алған, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Арадан біршама уақыт өтсе де ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Содан сан соғып қалғанын түсінген тұрғын полицияның көмегіне жүгінді. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, іздестіру амалдарын бастады.

Жетісайлық полицейлер орын алған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарына кірісті. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, полицейлер алаяқтыққа күдікті әйелді анықтайды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Сонымен қатар белгілі болғандай, күдікті әйел осындай сылтаумен тағы 5 тұрғынды өз құрығына түсіріп, алаяқтың құрбанына айналдырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 4 000 000 теңгеден астам. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары өз нәтижесін беріп, іс-құжаттар жинақталып, Жетісай аудандық сотына жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтардың арбауына ермей, кез келген мәселені заң жүзінде шешуді ескертеді. Егерде осындай алаяқтардың қылмысына куәсі немесе құрбаны болсаңыз, «102» шұғыл нөміріне хабар беріңіз, өйткені дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты