Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда күйші-композитор Тұяқберді Шәмеловтың 70 жылдығына орай I – республикалық әншілер мен домбырашылар байқауы ұйымдастырылды

Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, күйші-композитор, лирикалық әндердің авторы Тұяқберді Шәмеловтың туғанына 70 жыл толуына орай Оралда Тұяқберді Шәмелов атындағы  I – республикалық  әншілер мен домбырашылар арасындағы конкурс өткізілді. 1951 жылдың 6 қыркүйегі күні Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданына қарасты Саралжын ауылында дүниеге келген жерлес күйші Тұяқберді Қажыгерейұлы ұлылардың жалғасы, асылдың сынығы, дәулескер күйші, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, күйші-композитор Тұяқберді Шәмеловтың 70 жылдығына орай I – республикалық  әншілер мен домбырашылар байқауы оздырылған болатын.


Аталмыш шараның басты мақсаты – заманынан озып туған күйші-композитордың шығармаларын кеңінен насихаттау, төл аспабымыз – домбыраға деген қызығушылықты арттырып, жастар арасында оң көзқарас қалыптастыру, еліміздің түкпір-түкпіріндегі домбырашылардың репертуарын күйлермен толықтыру. Сонымен қатар Т.Шәмеловтың шығармашылығын  келер ұрпаққа  насихат қылып, жас талантты орындаушылардың  есімдерін таныту болып табылады.


Ұлттық аспабымыз бен күйлерімізді насихаттап, еелге үлгі етуді мақсат қылған шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы, Т.Шәмеловтың жұбайы Сәуле Шәмелова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, профессор, дирижер Айтқали Тілепқалиұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Батыржан Қайырғалиұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры Жанас Бекентұров, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Әбілхалыққызы, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Әбілхалыққызы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, «Дәстүрлі музыкалық және өнер» кафедрасының меңгерушісі, әнші-композитор Қуаныш Қисметов, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, Жамбыл атындағы  Қазақ мемлекеттік  филармониясының  солисті Фархат Молдағалиұлы қонақ ретінде шақырылды. Қонақтарымыз сайысқа қатысушыларға төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.


Шараға облыс өнерпаздарынан бөлек, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар қатысты. Атап айтсақ, Талдықорған қаласының, Алматы қаласының, Шымкент қаласының, Атырау қаласының және облысымыз бен аудан өнерпаздары өнер көрсетті.

Шара 2 жанр бойынша өткізілді. Байқаудың бірінші күні өнерпаздар күй жанры бойынша бақ сынасса, келесі күні ән жанры бойынша сынға түсті. Сәні мен мерейі келіскен шараны Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев құттықтау сөзімен бастап, барша қонақтар мен қатысушыларды құттықтады.


Шара нәтижесі бойынша күй жанры бойынша бас жүлдеге Жылой ауданы, Құлсары қаласынан келген Қайрат Жұмағалиев, алматылық Ақылбек Бектасов бірінші орынға, Шымкенттен келген Сундет Абдулжаббаров пен Атыраулық Жәнібек Жәмиев екінші орынға ие болды. Оралдық Тұрлыхан Абуханов, Талдықорған қаласынан келген Мұхит Мукен және атыраулық Базарбаева Назерке үшінші орынды қанжығалады. Сондай-ақ, атыраулық Нұрлыбек Нәжекенов димломант атағымен, ал алматылық Нұрғали Әшімхан Тұяқберді Шәмелов атындағы арнайы жүлдемен марапатталды. Ән жанры бойынша оралдық дуэт Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі бас жүлдені иеленсе, алматылық Әсем Әубакирова бірінші, шымкенттік Өсербай Бөріханов, оралдық Айбек Тұрарбеков екінші, Жәнібек ауданының өнерпазы Райымбек Каримов, Бөкейордасынан келген Жанаргул Қуанышевалар үшінші орынды жеңіп алды. Дипломант атағымен қаратөбелік Таңат Жексенбаев, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Бөрлілік Гүлсезім Қуанышқалиева, Тұяқберді Шәмелов атындағы арнайы жүлдемен Шыңғырлау ауданынан келген Хибашев Аңсаған марапатталды. Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, кейін «Әуелеп өткен саз ғұмыр»  атты гала концертте өнер көрсетті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты