Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО жастары жолдау аясында мемлекеттік тілді қолдайтынын жеткізді

Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Н. Оразкельдиев ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан Халқына Жолдауына қатысты ой-пікірімен бөлісті. Ол сөз барысында пандемияға байланысты қашықтықтан оқытылған оқушылардың жаңа онлайн платформаларды тез үйренгенін тілге тиек етті, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Осы оқу жылында  білім сапасын жақсарту мақсатында мектептер жұмысы қалыпты деңгейде басталды. Басталған жаңа оқу жылын одан ары қарай дәстүрлі форматта жалғастырып кету маңызды, сол себепті қазіргі танда педагогтардың 90 пайызы вакцина салдырған. Н. Оразкельдиев баяндамасында өзінің де вакцина салдырғанын және екпенің маңызын атап өтті.

Өз сөзінде кейіпкеріміз балалардың тұрғылықты жеріне, білім алатын тіліне қарамастан сапалы білім алуының және осы орайда қалада немесе ауылда тұратын оқушылар үшін білім деңгейінің бірдейлігін қалыптастырудың маңыздылығын айтып өтті. Сонымен қатар ұстаздардың жалақысының көтерілуін тілге тиек етіп, алғашқы жалақысы мен қазіргі айлық жалақысын айтып кетті.

Қазіргі уақытта ел намысын түрлі білім жарыстарында, халықаралық ареналарда биіктерге көтере алатын білімді де таланатты жастарға қолдау бар. Ел Президенті оқушыларды түрлі әлемдік деңгейдегі жарыстар мен олимпидаларға қатыстыру, оларды қолдау жөніндегі шараларды да үнемі назарында ұстайды. Аталмыш мектеп оқушылары ағымдағы жылы өткен Халықаралық Жәутіков атындағы олимпиадада үздіктер қатарынан табылса, Сингапурда  өткен 33-ші Халықаралық информатика олимпиадасында қола медальды қанжығалаған. Осындай жетістіктерді бағалап Мемлекет басшысы өзінің жолдауында халықаралық жарыстарда жүлделі орын иеленген дарынды оқушылар мен мен ұстаздарын ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан қаржылық қолдау жасау жоспарланып отыр. «Бұл ұстаз үшін, оқушы мен оның ата-анасы үшін үлкен жаңалық болды» дейді ұстаз.     

Сонымен қатар Н. Оразкельдиев «Қазіргі таңда мұғалімдердің шығармашылық дамуына көптеген мүмкіндіктер бар. Саналы тәрбие мен сапалы білім беруді көздейтін кез келген мұғалім, өзім де сол жолда дамуға тырысып келемін. Ұстаз ретінде оқушы алдында өз пәнін жетік меңгеру, материалды түсінікті әрі жеңіл жеткізу үшін көп ізденіп, еңбектену қажет, әрдайым марапаттарыңа, жетістіктеріңе, тәжірибеңе қарамастан үздіксіз білім алу, жетілдіру жолында жүрген дұрыс деп есептеймін» деп, өз сөзін қорытындылады.

Келесі кезекте №26 ЖОББМ бастауыш буынында қазақ тілі пәнінің мұғалімі, ҚХА-ның бастамасымен аталмыш мектеп жанынан құрылған «Достық» клубының жетекшісі, «Тіл-мұра» қоғамдық қозғалысының белсенді мүшесі Суетина Ирина Александровна Президентіміздің жолдауы аясында өз пікірімен бөлісті.


Өз сөзінде Ирина Александровна клуб мақсатын және аталмыш клуб аясында қандай іс-шаралар өткізілгенін атап өтті. Кейіпкеріміз ана тіліміздің мәртебесін көтеру және ұлттық патриотизмді дамыту, ұлтаралық татулық пен келісімді жетілдіру, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени тұтастығын нығайту мақсатында қызмет атқаратынын жеткізді. Осы бағытта ұстаздар мен оқушылардан құралған шығармашылық топ ұлтаралық бірлікті нығайтуға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар, түсіндіру жұмыстарын, кездесулер жиі өткізеді.


Сөз барысында «Тіл - халықтың тарихы, тіл - ұлттық қазына, тіл - біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз» деп қазақ тіліне деген сыйластығы мен махаббатын жеткізді. Тіл жанашыры еліміздегі мемлекеттік тілдің орны ерекше екенін үнемі айтып,тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында да жұмыстар атқаруда. Өзге ұлт өкілдерінен тұратын «Тіл-мұра» қоғамдық қозғалыс мүшелері саябақ, дүкендерді, өзге де шаруашылық субъектілерін аралап, тауар, жарнама аудармасы қате жазылған болса, әдістемелік көмек көрсетіп жұмыстануда.

Ирина Суетина «ҚХА жанындағы «Достық» клубының жұмысы – ән – бимен шектеледі деушілерге айтарым, біздің шараларымыз – оқушылардың толерантты, жан-жақты, білікті де білімді тұлғасын қалыптастыруға бағытталған. Оқушыларымыз түрлі ұлттардың салт-дәстүрімен, тілімен, мәдениетімен, әдебиетімен таныса отырып, рухани дүниесін байыта түседі. Өмірге деген толерантты көзқарасы қалыптасады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында біздің бірлігіміз – әр алуандықта деп айтып кеткен қағидаттың маңызын түсінетін ұрпақ тәрбиелеудеміз» деп, өз пікірін білдірді.

Сөз соңында Ирина Александровна ұлты украин болса да, Отанының өткенін, бүгінгі күнін, болашағын бағалайтын, Мемлекеттік құндылықтарды ерекше қадірлейтін патриот екендігін айтып өтті. Сонымен қатар басты ұлттық құндылықтарымыздың бірі – тіліміздің өрісін кеңейтуді мамандығына айналдырғанын және оны мақтан ететінін жеткізді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді