Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Жұмысқа тұрғызып беремін”: Түркістан облысының тұрғындары 47 миллион теңге шығынға батты

Түркістан облысының полицейлері жұмысқа тұрғызып беремін деп, 100-ге жуық тұрғынды алдаған күдікті әйелді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда оңалту орталығын жаңадан ашып жатқан танысы жұмысқа кіргізіп беремін деп алдағанын жеткізген. Содан күдікті жәбірленушіден жұмыс ақысы үшін 500 мың теңге алған. Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысы болмаған, не өз ақшасын кері ала алмаған. Арада бірнеше күн өткен соң жәбірленуші танысының алдап жүргенін білген. Сондықтан бірден полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Тәртіп сақшылары іздестіру шаралары барысында күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Қазіргі уақытта алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай күдіктінің бұдан басқа 97 жайтқа қатыстылығы анықталды. Олардың әрқайсысынан 300 мың-700 мың теңге аралығында ақша алып отырған. Осылайша жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 47 миллион теңгеден астам. Аталған жайтқа байланысты күдікті әйел қамауға алынып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолданған. Қазіргі таңда сот күдіктіні кінәлі деп танып, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ, қандай да бір мәмілелерді, рәсімдеу кезінде мұқият болу керектігін айтады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды