Қазақстанда Отбасы күні қарсаңында ауыл кітапханаларын кітап қорымен толықтыру бойынша «Ауылыма кітап» атты республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ пен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтын зерттеу бойынша орталық ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Акция 16 тамыздан 20 қыркүйекке дейін жалғасады: дәл осы аралықта ауыл кітапханаларына кітапты жинау және жеткізу жұмыстары атқарылады. Акциямен Қазақстанның барлық аймағын қамту көзделген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін ілгерілету және ауыл мектептерінің кітапханалық қорын кеңейту жолымен жекелеген елдімекендердегі өскелең ұрпақтың жоғары азаматтық және рухани-өнегелік бағдарын қалыптастыру.
Аймақтар бойынша кеңселердің байланыс нөмірлері: https://kipd.kz/ru/regionalnye-proektnye-ofisy
Электронды форматтағы кітаптарды мына поштаға жолдауға болады: jakupova@cisc.kz