Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іздеу салуға Ресей Федерациясының Краснодар өлкесі бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметінің басқармасы бастамашы болған. Ұсталған азамат ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қолда бар мәліметтер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 23 миллион рубльден асады.

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүрген азаматтың орналасқан жері туралы ақпарат алынды. Алматы полициясы бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ол ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты экстрадициялау ісі басталды, - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров. 

Полиция халықаралық ынтымақтастық және басқа елдердің құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу аясында сот төрелігінен жасырынған адамдарды анықтау және ұстау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты