Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды


Бұрынғы боксшы әрі депутат болған Серік Сәпиев ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңестің төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы жаңа қызметті қатар атқара береді.


ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңес төрағасының мерзімі - бір жыл.


"Мәселен, бүгінде ТМД-ға мүше елдердің спорт саласын цифрландыру жоспарланып отыр. Серік Сәпиев осы мәселемен де айналысады. Қазіргі кезде біздің елімізде цифрландыру шаралары атқарылып жатыр. Аталған жұмыстар "Зерде" холдингімен бірлесіп пысықталуда.Сонымен қатар ТМД-ға ортақ стратегия бар. Онда допингтен бастап цифрландыруға дейін барлық шара қарастырылған. Кеңес төрағасы соның бәрін үйлестіріп отырады", - дейді комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева.

Оның сөзінше, кеңестің келесі отырысы 2020 жылы Татарстан республикасында өтеді. Сол жерде кеңестің жаңа төрағасы сайланады.


Осы жолы Щучинскіде өткен отырыста спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін талқыланып, цифрлық технологияларды енгізу жайы қаралды.


Бұдан бөлек, ТМД-ның осы саладағы 2021-2030 жылдарға арналған стратегияның жобасы пысықталды.


Фото: mega.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады