Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда теміржол кластері жандана бастады

Соңғы жылдары жұмысы іркіліп немесе тұралап қалған кәсіпорындар тапсырыстар алып, жаңа өнім шығаруға кірісті. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұздағы теміржол кластерінің бірнеше өндірісінде болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Өңір басшысы биыл «Қазтеміртранс» АҚ-дан 1000 ашық вагонға тапсырыс алған «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС алаңына барды. Бұған дейін кәсіпорын 2,5 жылға жуық тұрып қалып, оның басшылығы ұжымды таратуға мәжбүр болған еді. Бүгінде компания қызметкерлерін қайта жұмысқа тартып, жергілікті кәсіптік-техникалық оқу орындарында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.


- Біз осы жылды жұмыс істеп, ашық вагондардың қажетті санын жеткізуге дайынбыз. Бірақ келесі жылға «Қазақстан темір жолы» ҰК мен оның еншілес компанияларынан тапсырыстар болмауы мүмкін, соның салдарынан алшақтық болады деп алаңдаймыз. Сонымен қатар бізде салықтық және кредиторлық берешек бар, бірақ егер бізге тым болмаса салық бойынша бөліп төлеу мүмкіндігі берілсе, оны жабуға дайынбыз. Кәсіпорынға инвестиция салуға дайын инвестор бар, сондықтан даму жоспарлары да бар,-деді облыс әкіміне компанияның бас директоры Дәурен Жүнісов.


Әбілқайыр Сқақов вагон жасау компаниясына қолдау көрсетуге уәде беріп, кәсіпорын өз өндірісінде қазақстандық қамтуды арттыруға назар аударуы қажет екенін атап өтті. Екібастұз әкімдігінде Павлодар облысында және жалпы Қазақстан бойынша компанияның әлеуетті жеткізушілермен байланысының дамуына ықпал ететін болады.


«Проммашкомплект» ЖШС-де өңір басшысына темір жол дөңгелектерін өндірудегі жағдай туралы айтты. 1,5 жылдан астам уақыт ішінде мұнда 215 мыңға жуық доңғалақ шығарылды. Компания шикізатты Ресей мен Украинадан сатып алады, ал өнімді Қазақстан бойынша да, шетелге де жеткізеді.


Теміржол осьтері мен доңғалақ жұптарын өндіретін «RWS Wheelset» ЖШС де өз жұмысын жалғастырып жатыр. Осы жылы кәсіпорын Петропавлдағы «ЗИКСТО» АҚ үшін 10 мың доңғалақ жұбына және «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС үшін тағы 4 мың доңғалаққа тапсырыс берді. 

   

Бағыттамалы бұрмаларға арналған алдын ала керілген білеу шығаратын «RWS Concrete» ЖШС өткен жылы жұмыс істемеген болатын. Биыл «Қазақстан темір жолы» АҚ тапсырысын алып, өндіріс қайта іске қосылды. Сонымен қатар осы көктемде компания шпал шығара бастауға ниетті. Кәсіпорында Италиядан алынған жаңа автоматтандырылған желі іске қосылды.


Көрші алаң – «Ферро Транс Трейд» ЖШС-де жылдың екінші жартысында серпімді клемма шығаруды жоспарлап отыр. Темір жол рельстерін бекіту үшін қажетті бұл бөлшек Қазақстанда әлі шығарылмайды. Жаңа өндірісте 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға уәде беріп отыр.


Жұмыс сапары барысында облыс әкімі кеншілер қаласының басқа да кәсіпорындарын аралады. «Екібастұз электр машиналары зауыты» ЖШС базасында Әбілқайыр Сқақовқа қазақстандық ірі компаниялармен ынтымақтастық барысындағы келісімшарттарды төлеу проблемасы туралы айтылды. Жабдықты баптаумен айналысатын кәсіпорын жөнделген тауар жөнелтілгеннен кейін 45 күнтізбелік күн өткен соң ғана орындалған жұмыстар үшін ақы алады. Өңір басшысы бұл мәселені зерделеуді тапсырды.


- Мұндай зауыттар біздің машина жасау зауыттарымыз үшін қосалқы бөлшектерді өндіруге қатыса алады, мысалы, «КВК» ЖШС. Тапсырыс беруші өзінің техникалық талаптарын қоя алатындай, қажетті бөлшекке тапсырыс бере алатындай екі кәсіпорын арасында өзара іс-қимыл орнату қажет. Оған деген қажеттілік бар, - деді Әбілқайыр Сқақов.


«Транс-Бетон 12» ЖШС-де облыс әкіміне темір-бетон конструкцияларын өндіру қарқыны туралы айтты. Мұнда бір ауысымда 700 тоннаға дейін бетон шығаруға болады, сонымен қатар еден плиталары мен ФБС шығарылады. Бүгін мұнда жылы мезгілде басталатын құрылыс маусымына дайындалған өнімдер сақтаулы. Негізінен кәсіпорын өнімдері өңір ішінде пайдаланылады.


«Лейла» шаруа қожалығының диірмен кешенінде нан-тоқаш өнімдерін өндіру ісі жолға қойылды. Өнімдер негізінен жергілікті сауда нүктелеріне жеткізіледі.


Әбілқайыр Сқақов Екібастұздың әлеуметтік нысандарын да аралады. Өңір басшысы №13 балабақшадағы жөндеу жұмыстарының сапасын тексеріп, облыстық тұрақтандыру қорынан азық-түлік сатып алатын әлеуметтік дүкендердің бірінде болды. Дүкеннің сондай-ақ өз наубайханасы бар, бұл нанды арзан бағамен сатуға мүмкіндік береді.     

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді