Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат елден шығарылды

Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған полицейлері халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін төрт шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартып, олардың бірін Қазақстан Республикасының аумағынан шығарды. Полиция қызметкерлері рейд жүргізу барысында құрылыс жұмыстарын жасап жүрген көрші республиканың төрт азаматын анықтады, олар жергілікті атқарушы орган беруге тиіс өзін-өзі жұмыспен қамтуға арналған біліктілік сәйкестігі туралы анықтамасыз жұмыс істеген.

– Шетелдіктер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін материалдар Талдықорған қаласының ауданаралық сотында қаралды, шешімі бойынша екеуіне айыппұл, біреуіне ескерту жасалып, ал бір шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан мүлдем шығарылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген жұмыс берушіге де шаралар қабылданды. – деді ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбеков.

Тек 2023 жылы ғана өңірдегі көші-қон заңнамасы желісі бойынша 5380 адам жауапқа тартылды. Құқық бұзған шетелдіктердің саны – 1749, қазақстандық азаматтардың саны – 3631.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді