Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қонаев гарнизонының десантшылары парашютпен алғашқы секірулерін орындады

Қонаев гарнизонының десантшылары парашютпен алғашқы секірулерін орындады
Фото: ҚР Қорғаныс министрілігі

Өткен жылдың күзінде әскерге шақырылған жүзге жуық сарбаз Д-6 парашютімен алғашқы секірулерін орындады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрілігіне сілтеме жасап.

Әскери қызметші секіруге психикалық және дене дайындығы тұрғысынан дайын болған кезде ғана рұқсат беріледі. Бұл ретте батылдық, қиын жағдайда тез шешім қабылдау мен әрекет ету қабілеті ғана емес, одан бөлек күш-қуат дайындығы да айтарлықтай маңызды орын алады.

Сондықтан парашютпен алғашқы секіруден бұрын жерде көптеген жаттығулар жасалды. Парашютпен секірудің барлық элементтері мұқият орындалып, жетік пысықталды.


– Парашютпен секіру – десантшыларды жауынгерлік даярлаудың негізгі элементі және әуе-десанттық даярлықтың ең күрделі әрі жауапты кезеңдерінің бірі. Сарбаздар жарады, барлығы тапсырманы мүлтіксіз орындап шықты, – деді әуе десанты даярлығы бөлімінің аға офицері майор Қайрат Чалимбеков.

  

Парашютпен секіру Ми-17 тікұшағынан 800 метр биіктіктен жүзеге асырылды. Аспаннан құлдилау тәжірибесі жас десантшыларға ұмытылмас әсер қалдырды, ең бастысы, олар өздеріне деген сенімділікті арттырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды