Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: Әл-Фараби ауданында 45,5 млрд теңге инвестиция тартылды

Шымкент: Әл-Фараби ауданында  45,5 млрд теңге инвестиция тартылды
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 2023 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемін 50 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған болатын. Бұл бас-аяғы 122 жобаға негізделген қаржы көлемі. 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аудан аумағына тартылған инвестиция көлемі 45,5 млрд (90,6 %) теңгені құрады. 

Сонымен қатар, 37 әлеуетті жоба нақтыланып, қонақ үй, әлеуметтік салаларда, өндірістік цехтарда, сауда және қызмет көрсету салаларында  1405 азамат жұмыспен қамтылды.

2022 жылы аяқталуға жоспарланған 119 жоба (10 мейрамхана, дәмхана, 3 қонақ үй, 3 азық-түлік дүкені, 7 бизнес орталық, 3 киім дүкені, 3 монша, 4 әсемдік салоны, 3 дәріхана, 4 жеке меншік емхана және т.б.) іске асырылып, жалпы инвестиция құны 40 млрд теңгені құрады. Жоспар 100 % орындалды.

Аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары, сондай-ақ құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлермен 30-ға жуық кездесу өткізілді. Онда мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, кәсіпкерлікті қолдау бойынша мәселелер талқыға түсті. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы күнделікті әр түрлі санаттағы кәсіпкерлерге қабылдау өткізіп, азаматтарға бағыт-бағдар беруде. 

Бүгінгі таңда қалада  мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға арналған «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба, «Іскер қала» бағдарламасы іске асырылуда.

«Іскер қала» іс-шара жоспары аясында жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған. Атап айтқанда, жастар мен әйел кәсіпкерлеріне 1 %-бен 30 млн теңгеге дейін және  өндірістік алаңдарында іске асыратын жобаларға 2 %-бен 50 млн теңгеге дейін несие беру жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді