Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанның ұзақ салынған құрылыстарының бірі пайдалануға берілді

Елордадағы құрылысы сегіз жылға созылған – «Жағалау-3» ТК, 30-блок пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға техникалық паспорттар үлестіріліп жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.


«Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтанның «сақалды» құрылыстарының біріне нүкте қойылды! Бұл құрылыс сегіз жылға созылған – «Жағалау-3» ТК, 30-блок. Үйдің өзі пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға көптен күткен пәтерлеріне тіркеуге тұруына, емханаларға, балаларын мектепке, балабақшаға және т.б. тіркеуіне мүмкіндік беретін техникалық паспорттары үлестіріліп жатыр.


Бұл тұрғын үй кешенінде алаяқтарға алданып қалған 600-ден астам отбасы бар. Үлескерлермен өткен алғашқы кездесуімізде ұзақ күткен пәтерлеріне қоныстана алатынына сенімсіздік танытқан еді. Алайда құрылысты аяқтау үшін жұмысымызды кезең-кезеңімен жүргіздік. Түйткілді мәселелер көп болды: бұл үйдің қасбеті, инженерлік желілер (сумен жабдықтау, жылыту, кәріз желісі, электр энергиясы), кіреберістердің ішкі әрлеуі, лифтілер, құжаттардың толық тізбесінің болмауы, абаттандыру және т.б.


Қазір істің басым бөлігі шешілді, тек мамандар атқаратын кейбір техникалық жұмыстары ғана қалды», – деп жазды Алтай Көлгінов.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты