Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда метро жолаушысынан кастет тәркіленді

Алматыда метро жолаушысынан кастет тәркіленді
Фото: polisia.kz

Алматыда метро жолаушысынан кастет тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық бұзушылықты Райымбек Батыр бекетінде қызмет ететін полиция қызметкері анықтады.

– Бұл дерек 13 сағат 45 минутта рентген-телевизор қондырғысы арқылы жүргізілген тексеру кезінде анықталды. Іле ауданының 17 жасар тұрғыны ұсталды оның сөмкесін тексеру кезінде кастет табылды. Жас жігіт өзін ақтап алуға асығып, сөмкесін досына тиесілі екенін түсіндірді. Құқық бұзушы аумағына қарай Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды. Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданылып, құқықтық баға берілетін болады, – деді метрополитен полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында осы жылдың 20-30 қарашасы аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол вандализм деректерін, мүліктік залал келтіруді, ұсақ бұзақылықты, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті