«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Астана қаласының полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматын анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Ресей Федерациясында іздеуде жүрген 20 жастағы жігіт 2022 жылы Мәскеудегі сауда үйінің бірінде ұрлық жасаған. Шекараны заңсыз кесіп өткен 36 жастағы ер адам анықталды. Астанада Өзбекстанда 2020 жылы алаяқтық жасаған 43 жастағы ер адам анықталды. Барлық ұсталғандар Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларды экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Сондай-ақ, елордалық полицейлер ЖПІШ кезінде өткен жылы Дүкенұлының бойында орналасқан гараждардың жанында бейтаныс ер адаммен спирттік ішімдік ішіп отырып, оны пышақтап кеткен 45 жастағы ер адамды анықтады. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетсек, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында Астана қаласының Полиция департаментімен ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.