Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте ШҚО-дағы су қоймалары мен автожолдарды жөндеу және жаңа әлеуметтік нысандар салу мәселелері талқыланды

Үкіметте ШҚО-дағы су қоймалары мен автожолдарды жөндеу және жаңа әлеуметтік нысандар салу мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz

Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларын орындауға қатысты шаралар қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшыларының қатысуымен облыстағы Қандысу және Үйдене су қоймаларын, сондай-ақ өңірдің суармалы жерлеріндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдарды күрделі жөндеу мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр жалпы республика бойынша көптеген су қоймаларын күрделі жөндеу қажет екенін, сондықтан бұл жұмысты кезең кезеңімен жүргізу керектігін атап өтті. Ең алдымен, басым жобаларға баса назар аудару керек.

Жиында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, республикалық және жергілікті маңызы бар күре жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, туристік нысандарға жол инфрақұрылымын тарту мәселелері де қаралды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар «Алтай» көтерме-тарату орталығы, Риддер қаласындағы емханасы бар көпсалалы аурухана кешенін салу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ тау-кен металлургия кешеніне инвесторлар тарту, қолданыстағы су электр стансаларын жақсарту және жаңа шағын стансалар салу, жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселе қозғалды.

Премьер-Министр жоспарланған жобалардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Марқакөл және Катонқарағай аудандарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдікпен бірлесіп, тапсырмалардың барлығын уақтылы әрі сапалы орындау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажет», — деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті