Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекетке никель мен кобальттың бірегей кен орны қайтарылды

Мемлекетке никель мен кобальттың бірегей кен орны қайтарылды
Фото: pixabay.com

Бұрынғы вице-министр Т.Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс аясында мемлекетке Қостанай облысындағы «Шевченковское» бірегей кен орны қайтарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, кен орнында никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорының құны 5,6 трлн теңгеден асады.

"Биылғы 27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т.Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланды. Ол пайдалы қазбалардың ірі қоры бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп хабарлады ведомство.

Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленді. Олар:

1. Алматы қаласы Бостандық ауданы Көкшоқы шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі;
2. Алматы қаласы Бостандық ауданы Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үй;
3. 2021 жылы шыққан «Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC» маркалы авто;
4. 2021 жылы шыққан «Bentley Bentayga V8» маркалы авто.
5. Он үш коммерциялық ұйымның қатысу үлесі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Тимур Тоқтабаев былтыр 7 қарашада ұсталған. Антикор оның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен тергеліп жатқанын мәлімдеген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғалары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесінде әрекет ете отырып, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз бергені анықталған. Бұрын жүргізілген барлау фактісі құжаттарды бұрмалау арқылы әдейі жасырылған. Кен орындарын сату бойынша аукциондар өткізілмегендіктен, мемлекет ондаған миллиард теңге алмаған.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады