Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаның өндірісі басталады

Келісімге бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФТИҚ Бас директоры Кирилл Дмитриев қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Қазақстан Республикасының реттеуші органдары қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізеді және ел аумағында «Спутник V» вакцинасының кемінде 2 млн дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді.


«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен Қазақстан Республикасының аумағында «Спутник V» вакцинасын шығаратын зауыт салу туралы келісті. Бұл Келісім екіжақты қарым-қатынасқа серпін береді, сондай-ақ коронавирус инфекциясы пандемиясымен тезірек күресуге мүмкіндік туады деп сенемін», - деді А.Цой.


«РФТИҚ  мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімнің арқасында  халыққа адамның аденовирустық векторларының тексерілген және жақсы зерттелген платформасында құрылған тиімділігі 91% асатын коронавирусқа қарсы вакцина қолжетімді болады. Қазақстан аумағында «Спутник V» вакцинасын шығару логистикалық шығындарды азайтуға және қысқа мерзімде вакцинаны медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі ел арасында технологиялық, ғылыми және медициналық тәжірибе алмасу кеңейеді», - деді РФТИҚ Бас директоры К. Дмитриев.


Қазіргі уақытта Беларусь Республикасында, БАӘ, Венесуэлада және бірқатар басқа елде «Спутник V» вакцинасының III клиникалық зерттеу фазасы, сондай-ақ Үндістанда II-III фаза мақұлданды және жүргізілуде. 50-ден астам елден 1,2 млрд астам доза сатып алу туралы өтінім түсті. Шетелдік нарыққа  арналған вакцинаны РФТИҚ  халықаралық серіктестері Үндістан, Бразилия, Қытай, Оңтүстік Корея және тағы төрт ел шығаратын болады.


Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада  Н. Ф. Гамалеи атындағы ЭМҰҒО мен РФТИҚ рандомизацияланған плацебо-бақыланатын клиникалық тіркеуден кейінгі коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы 40 000 еріктінің қатысуымен зерттеудің III кезеңінің екінші аралық талдауының оң нәтижелерін жариялады.  Зерттеудің аралық нәтижелері тағы бір рет адамның аденовирустық векторларының жақсы зерттелген платформасында құрылған әлемдегі алғашқы тіркелген коронавирусқа қарсы  вакцина «Спутник V» вакцинасының жоғары тиімділігін көрсетті. Тиімділікті бағалау вакцинаның бірінші инъекциясын (екінші инъекцияны алғаннан кейінгі 7-ші күн) немесе клиникалық зерттеу хаттамасына сәйкес екінші бақылау нүктесіне жеткенде плацебо алғаннан кейінгі 28-ші күні 18 794 ерікті арасында жүзеге асырылды. Талдау қорытындысы бойынша «Спутник V» тиімділігі 91,4%  құрады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді