Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақ-қырғыз шекарасында 500-ден астам жүк көлігі қаңтарылып тұр

Қазақ-қырғыз шекарасында 500-ден астам жүк көлігі қаңтарылып тұр
Фото: DW/Anatolij Weißkopf

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Қырғызстан шекара қызметіндегілер Қазақстан шекарадағы жүк көліктерін өткізбей қойғанын мәлімдеген еді. Қырғыз тарапынан ешқандай кедергі жоқ екені хабарланды.

«Кең-Бұлын-автожолдары» және "Ақ-Тілек" өткізу пункттерінде бірнеше күннен бері жүк көліктері қаңтарылып тұр. Қазір онда 500-ден астам жүк көлігі жиналып қалған. Күніне бірнеше жүк көлігі ғана өткізіледі. Жүргізушілердің айтуынша, ҚР тарапынан кеден Ресейдің, Беларусьтің, тіпті Қазақстанның жүк көліктерін өткізбейді.

Жүргізушілер жүк көліктерінің Қазақстанға кіргізілмеу себебіне қатысты түрлі нұсқа айтады. Олардың бірі бойынша, бұл Қырғызстанның Қазақстанға суармалы су жеткізуді тоқтатуына байланысты. Екінші нұсқа – қазақстандық шекарашылар есірткі тиелген өзбекстандық жүк көлігін іздеп жатыр деген болжам бар.

Айта кетейік, бұдан бұрын қазақ-қырғыз шекарасында көліктердің қаңтарылуы Астанадан комиссия келуімен түсіндірілген. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты