Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тәтті қарбызды қалай таңдау керек

Қып-қызыл болып піскен қарбызды таңдап алу оңай емес. Тәтті жемісті сатып алуда ескеретін жайттарды РИА Новости агенттігіне диетолог Татьяна Разумовская айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ 

Маманның сөзінше, қарбыз таңдауда көптеген факторларды ескеру керек: оның қабығына, көлеміне, сыртындағы дақтарға, түрткен кездегі дыбысқа, түсі мен құрылымына, сатып жатқан жыл мезгіліне мән берген жөн.

Дыбысы бойынша

Қарбызды тоқылдатып, ұрғанда шыққан дыбыс тұйық болса, бұл жемістің піспегенін білдіреді. Егер ұяң дыбыс шықса, қарбызды шырыны мол, піскен деп есептеуге болады. Ең жақсысын таңдау үшін бірнеше қарбызды тоқылдатып, шыққан дыбысын салыстырып көру керек.

Қабығы бойынша

Піскен қарбыздың қабығы қою жасыл және тығыз болады, оны тырнап көру оңай емес. Жарылған, кесілген, басқа да механикалық зақымданған жемісті сатып алуға болмайды. Қабықтың жартысы қою жасыл, жартысы ашық түсті болған жағдайда, қарбыз әлі толық піспеген деген сөз. Кесілген жемістерді алмаған дұрыс, өйткені олар тез бұзылады және кесілген жерінен микроб түсуі мүмкін. Қабықтағы өрнегі қанық жасыл болса, соғұрлым жақсы деп саналады.

Жерде жатқан бүйіріндегі сары дақ


Жақсы қарбыздың піскен кезде жерде жатқан бүйірінде ашық сары дақ болуы тиіс. Егер оның түсі ашық болмаса, қарбыз аса тәтті болмайды.

Көлемі мен салмағы бойынша

Мамандардың кеңесіне сүйенсек, көлемі өте үлкен қарбыздарды (10 келіден астам) сатып алмаған жөн, өйткені оларды химиялық заттардың көмегімен өсіру мүмкіндігі жоғары. Ең шырынды жемістер әдетте орташадан сәл үлкенірек (5-тен 10 келіге дейін) болады. Алайда ол қарбыздың сұрыбына және өсірген аймағына байланысты. Әдетте піскен жемістің тығыздығы төмен, сондықтан оның салмағы аз болады. Піскен қарбызды суға салсаңыз, ол піспеген қарбыз сияқты батпайды. Жеміс салмағы көлеміне сай емес тым жеңіл болса, ол қатты піскен және  ылғалды көп жоғалтқан деген сөз.

Пішіні бойынша

Қарбыздар сопақ немесе дөңгелек болып келеді. Дөңгелек жемістер тәтті деп есептеледі, ал сопақшалары көбінесе сулы болады. Піскен қарбыздың сабағы толығымен қурап кетуі тиіс. Серпімділігі бойыншаПіскен қарбыз қатты болуы керек. "Оны қолыңызға алып, тоқылдатқанда, серіппелі екенін сезесіз", - дейді диетолог Татьяна Разумовская.

Маманның сөзінше, егер жемістің қабығы жұмсақ болса, онда оның пісетін уақыты әлі болған жоқ.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді