Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның Тайвань төңірегіндегі жағдайға қатысты СІМ пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тайвань төңірегіндегі жағдай бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

Қазақстан "бір Қытай" қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай аумағының құрамдас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормалары мен БҰҰ жарғысының сақталуын қолдайды. Атап айтқанда, бұл мәселеде БҰҰ Бас ассамблеясының 1971 жылғы № 2758 резолюциясын ұстанады. Шет мемлекеттердің ресми делегацияларының Тайваньға сапары Қытай үкіметімен келісілуі керек деп есептеймін", - дейді Смадияров.

Айта кетейік, маусым айында Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумда  сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тайвань тәуелсіздігін мойындамайтынын атап өткен болатын. Кеше, 3 тамызда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те Тайвань төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол ұйымның "бір Қытай" саясатын ұстанатынын мәлімдеді. Еске сала кетсек, 2 тамызда АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға ресми сапармен ұшып барды. Оның сапарын үш миллионға жуық желі қолданушысы бақылаған болатын.Тайбэйде Пелоси Тайвань көшбасшысы Цай Инвэнмен кездесті.Ал Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Пелосидің сапарын "империалистердің өркениетсіз кампаниясының кезекті көрінісі" деп атаған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты