Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Грузиядағы қазақстандық қыздың өліміне күдікті деп танылған туысы 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылы Грузияда қаза тапқан қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Аталған іс бойынша басты күдікті оның алыс туысы Мұрат Мейірбеков болды. Оған адам саудасы мен зорлау бойынша айып тағылды. "Сот Мұрат Бақытұлы Мейірбековті Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігінде, 128-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында ("Адам саудасы" ) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі бойынша ("Зорлау") 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 128-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру.Ішінара толықтыру арқылы қылмыстық-атқару жүйесінің ең қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтеумен 15 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын.

Мейірбековтің жазасы 2021 жылдың 15 мамырынан бастап қамауға алу мерзімін ескере отырып, 1 тәулікке 1 тәулік есебімен үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептелсін", – деді төрағалық етуші судья Қыдырбек Әлқожаев.Оның айтуынша, айыптау үкімі тек сотталушының айғақтарына ғана емес, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарына, сараптамалық қорытындыларға және іс бойынша объективті дәлелдерге негізделеді.

"Мейірбековтің Грузия Республикасының аумағында зорлау және адам саудасы фактілері бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны анықталды. Оның қылмыстағы кінәсі толығымен дәлелденді", – деді судья.

Сот сонымен қатар Әселдің ата-анасының пайдасына азаматтық талапты ішінара қанағаттандырды. Мұрат Мейірбековтен Айсұлу Айтпаева мен Алтай Айтпаевтың пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен 5 млн теңгеден өндіріп алу туралы шешім қабылданды. Үкім жария етілген күннен бастап 15 тәулік ішінде үкімге шағым жасалуы не оған прокурордың өтінішхаты берілуі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Мейірбековке осыдан бір жыл бұрын адам саудасы және зорлау бойынша айып тағылып, қамауға алынған болатын. Оның шақыруымен қыз Грузияға жұмыс істеуге кеткен болатын. Бірнеше күннен кейін ол көпқабатты үйдің терезелерінің астынан өлі күйінде табылды. Басты күдікті 57 жастағы Грузия азаматы Бесик Тордуа қамауға алынғаннан кейін көз ұзамай түрме ауруханасында қайтыс болды.

Оған өзін-өзі өлтіруге итермеледі және зорлады деген айып тағылды. Естеріңізге салайық, бұған дейін Әселдің өз-өзіне қол жұмсау нұсқасы бойынша іс сотқа жіберілетіні хабарланған болатын, дегенмен қазақстандық қыздың ата-анасы бұған сенбеді – олар ситуациялық сараптама жүргізуді талап еткенімен, Бас прокуратура одан бас тартқан болатын. Ағымдағы жылдың маусым айында Мейірбековтің алқабилер сотынан бас тартқаны хабарланды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді