Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда прокуратура өкілдері елімізде жаңа туған сәбилерді сататын сайт табылғанын мәлім етті

Алматы прокуратурасы балаларды сату туралы хабарландырулар орналастырылған шетелдік интернет-ресурсты анықтады. Бұл туралы ведомство өзінің ресми сайтында хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Прокуратура мәлім еткендей, сайтта жаңа туған балаларынан бас тартқысы келген әйелдер заңмен белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз бала "сатып алуды" ұсынады. Сонымен қатар аталмыш ресурста балаларды керісінше асырап алғысы келетін адамдардың да хабарландырулары орналасқан. Қадағалау органы "Неке және отбасы туралы" кодекстің 196-бабына сәйкес тауып алынған, тастанды (бас тартқан) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс екенін еске салды. "БАҚ туралы" заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

"Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сотқа сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен жүгінген. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды", - делінген хабарламада. 

Материалдар Қылмыстық кодекстің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша заң бұзушының мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда