Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында үш жыл бұрынғы ұшақ апатына қатысы бар бір топ шенеунік сотталды

Алматы облысына қарасты Талғар ауданында бұрын әкімдікте істеген бірқатар лауазымды тұлға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа Kazlenta.kz. Іс материалдарына сәйкес, 2017-2019 жылдары сотталушылар Қызылту ауылынан тыс жердегі мемлекет меншігіндегі бос жерлерді иеліктен заңсыз шығарған.

Шенеуніктер бұл әрекеті арқылы жеке бас байлығын көздеген. Талғар ауданы сотының 2022 жылғы 10 маусымдағы үкімімен: - Талғар ауданы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы бастығы Марат Рыспеков 6 жылға; - Талғар ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Мақсат Тыныбай 6 жыл 3 айға; - Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов 8 жылға; - Панфилов ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары Құрманхан Галиева 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Талғар ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімі бастығының міндетін атқарған Мадияр Қадыржан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазадан босатылды. Барлық сотталғандар енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Bek Air әуе компаниясының ұшағы бетон дуалға құлап, Алматы маңындағы жеке үйді қағып кеткен.

Ұшақ апатынан 12 адам қайтыс болды, 69 адам жарақат алды. Әуе кемесінің командирі 57 жастағы Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза болды. Ал екінші ұшқыш Миржан Молдақұлов ауыр жарақат алды, оның омыртқасына күрделі ота жасалған еді. Кейін Алматы әуежайы апатқа ұшыраған «Bek Air» ұшағының соңғы сәттерінің хронологиясын жариялады. 2020 жылы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеумен қатар Талғар ауданы әкімдігінің шенеуніктеріне қатысты жер учаскелерін заңсыз беруге және жер учаскелерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертуге байланысты екінші қылмыстық іс ашты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты