Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда бюджет қызметкерлеріне қосымша үстемақы беріледі

Төмен жалақы алатын қызметкерлерге қосымша 30%-дан 100%-ға дейін үстемақы берілмек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа  сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

«Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ұйым қызметкерлерінің жалақысына ынталандыру үстемақысын беру тәртібі белгіленді. Үстемақы бірнеше сала мен ұйымды қамтиды. Оның ішінде әлеуметтік қорғау саласы бойынша 9 ұйым, денсаулық сақтау бойынша 2 ұйым, жастар саясаты 1 ұйым, тілдерді дамыту және архив ісі 2 ұйым, қорғаныс саласы бойынша 2 ұйым, ішкі саясат 1 ұйым, тұрғын үй 1 ұйым, спорт саласы бойынша 16 және мәдениет саласы бойынша 12 ұйым кіреді», - деді Есет Байкен қалалық мәслихаттың отырысында. Әкім орынбасарының мәлімдеуінше, жоғарыда аталған ұйым қызметкерлерінің жалақысына 30%-дан 100%-ға дейін үстемақы қосылады.

«Үстемақы мәселесі барлық орталық және жергілікті құзырлы органдармен ақылдасып шешіліп отыр. Себебі бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Осылайша төмен жалақы алатын 4 мыңнан астам қызметкерге үстемақы беріледі. Аталған қажеттілік үшін бюджеттен биылға 1 млрд 256 млн теңге қарастырылған», - дейді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді