Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық мектептерде шахмат міндетті пән қатарына қосылуы мүмкін

Қазақстан шахмат федерациясы еліміздің барлық мектептерінде шахмат сыныптарын ашуды жоспарлап отыр. Аталған федерацияның вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов журналистермен кездесуде федерацияның жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Дәрмен Сәдуақасов федерацияның мақсаты – шахматты кеңінен насихаттау арқылы интеллектуалды ұлт қалыптастыру екенін атап өтті.

"Біздің екі амбициямыз бар. Біріншісі – шахматты мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізу болса, екіншісі – біздің ерлер, әйелдер және балалар командалары әлемнің үздік ондығына тұрақты түрде енуі", – деді Сәдуақасов.
 
Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап Қазақстанның кейбір мектептерінде шахмат жаңа факультатив пән ретінде оқытылады.

"Федерация дайындық жұмыстарын жүргізеді. Әңгіме орыс және қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау туралы болып отыр. Мұндай ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін ұстаздарды дайындау қажет. Ол үшін еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындары арнайы кафедралар ашуды көздеп отыр", - деді ол.

Федерация 2027 жылға қарай шахмат Қазақстанның барлық аймағында міндетті пәнге айналады деп жоспарлап отыр. "Шахмат көп нәрсені үйретеді және әділ бәсекелестік пен меритократия қағидаттарын сіңіреді. Бүгінде елімізде 50 мыңнан астам бала шахмат ойнайды", - деп қосты Сәдуақасов. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді