Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолалық полицейлер іздеуде жүрген үш қылмыскерді құрықтады

Ақмолалық полицейлер іздеуде жүрген үш қылмыскерді құрықтады
Фото: polisia.kz

Өткен тәулікте Ақмола полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскердің орналасқан жерін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қатысушылардың бірін Ресей Федерациясының Челябі облысы бойынша ФҚҚ қызметкерлері РФ ҚК-нің 322-бабының 2-бөлігі (Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеуде болған. Оны полицейлер Көкшетау қаласының аумағында анықтады.

Ақмола облысының тумасы, басқа қылмыскердің орналасқан жерін полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жарқайың ауданының аумағында анықтады. Ұсталған адам бұрын ҚР ҚК-нің 106-бабы, 1-бөлігі (Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша істі болған. 

Сот қаулысына сәйкес, ол қалған мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Алайда тұрғылықты жері бойынша белгіленуге келмей, Астана қаласына кетіп қалғандықтан, іздестіруге жарияланған. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар Степногорск аумағында полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша мемлекетаралық іздеуде тұрған қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді