Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында 3,5 мың гектар жайылымдық жер олигархқа заңсыз берілді

Алматы облысында 3,5 мың гектар жайылымдық жер олигархқа заңсыз берілді
Фото: pixabay.com

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 3500 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас прокуратура мәліметінше, аталған жерлер 2017 жылы Форбс тізіміндегі белгілі кәсіпкерге шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығару жолымен заңсыз берілген.

“Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында аталған жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде”, – деп мәлім етті ведомство.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың га жер, кадастрлық құны 714 млн теңге мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұл жерлер жылдар бойы мақсатына сай пайдаланылмаған, жемшөп дақылдарын өсіру жүзеге асырылмаған, осы шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық жануарлары да болмаған.

Ал бұл уақытта басқа адал фермерлер егістік және жайылымдық жерлерге өте мұқтаж болған.

Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО-да 172 млн теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді