Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысындағы өртке кінәлілер анықталды

Әулиекөл аудандық соты Қостанай облысында 2022 жылы қыркүйекте болған ірі өрттерге кінәлі деп танылған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Телеарнаның хабарлауынша, былтыр күзде Қостанай облысында болған өрт кезінде 40 мыңнан астам гектар орман және шаруашылық жерлер өртенген. Облыстық сот таратқан ақпарға сай, Әулиекөл аудандық соты 44 жастағы Александр Рапейконы облыстағы мыңдаған гектар жерді шарпыған жалынның шығуына себепкер деп таныды. Сот материалдарына сәйкес, тракторда ұшқынды бәсеңдететін құрылғы болмаған. Газ шығаратын түтігі де істен шығыпты. Содан орманның жанынан өтіп бара жатқанда ұшқын шөпке тиіп, өрт басталған. Басаман орман шаруашылығына қарасты жерлер өртке оранды. Одан кейін қызыл жалын Аманқарағай мен Озерное ауылдарына жеткен. Кінәлі тракторшыға шығынды өтеуге талап қойылған жоқ.
"Әулиекөл аудандық сотының үкімімен қылмыстық кодекстің 58-бабы 2-бөлігін пайдалана отырып, 1 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты түрде деп танылды. Үкім заңды күшіне енді. Іс бойынша азаматтық талап қойылған жоқ", – деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің маманы Ләззат Байғожина.
Айта кетейік, былтыр күзде Қостанай облысында болған өрт кезінде 40 мыңнан астам гектар орман және шаруашылық жерлер өртенген болатын. Мемлекетке 18,7 миллиард теңге шығын келген. Бұдан бөлек, жүздеген үй, жеке мүлік пен мал жанып кетті. Оның шығыны – 642 миллион теңге. Ал өрт сөндіру шараларына тағы 42 миллиард теңге жұмсалды. Телеарна қылмыстық іс Бас прокуратураның бақылауымен тергелгенін де атап өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты